378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да әрбір үшінші көп балалы отбасы баспаналы болады

  • 131
  • UPD: 22:23, 18.04.2019

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында әрбір үшінші көп балалы отбасы баспаналы болады. Өңірде осындай 359 жанұя үйсіз жүр.

Сонымен қатар оларға кәсіп ашуға 505 мың теңгеден қайтарымсыз қаржы беріледі. Бұл туралы Петропавлда Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен жиында айтылды. Премьер – министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған топ тұрғындарға Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын түсіндіріп, оған қалай қатысу керектігін айтып берді. Елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін ел қазынасынан 2,3 трлн теңге бөлінген.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

-Әрбір облыста осындай халықпен кездесу болып жатыр. Сонымен қабылдау болды. Әртүрлі тематикада кездесулер болды. Сонымен қатар әлеуметтік объектілер мен құрылыс алаңдарына барып көрдік. Осы бағыттағы істеліп жатқан жұмыстар бойынша.

Хабар 24 телеарнасы