378.59 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Президенттік сайлаудағы жастардың белсенділігі» атты пікірсайыс өтті

  • 151
  • UPD: 22:48, 18.04.2019
Алматыда «Президенттік сайлаудағы жастардың белсенділігі» атты пікірсайыс өтті

Президенттік сайлаудағы жастардың белсенділігі. Алматы облысында осындай тақырыппен пікірсайыс өтті.

Басқосуға Қарасау ауданының белсенді жастары мен ардагерлері қатысты. Онда аудан халқының Президенттік сайлауда белсенділік танытып, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі туралы айтылды. Сонымен қатар, жас буын өкілдері егеменді еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен бағындырған межелерін тілге тиек етті. Ал пікір алмасуға қатысқан ардагерлер жағы креативті, жаңаша ойлай білетін жаңа толқын өсіп келе жатқанына өз сенімдерін білдірді. Маңызды кездесуге бас-аяғы 100-ге тарта студент қатысты.

Елмұрат Ораз, студент:

- Бүгінгі шара алдымызда келе жатқан үлкен тарихи сәттің бастамасы ретінде бастау болып тұр. Себебі 9 маусымда еліміздің басшысын, болашақ басшысын таңдайтын үлшкен сайлау өтеді. Ұлтқа қызмет ететін ерлердің арасынан ұлтымыздың мүддесі үшін, еліміздің ертеңі үшін, болашақтың қамы үшін қызмет ететін, Елбасымыздың сарабдал саясатын жалғастыратын сондай тұлға Елбасы болады деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы