379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында қар жауды

  • 234
  • UPD: 23:30, 18.04.2019
Атырау облысында қар жауды

Атырау облысына қыс қайта келді. Бүгінгі күн райына қарап осылай айтуға толық негіз бар.

Кеше тәулік бойы толассыз жауған жаңбырдың соңы қарға ұласты. Түнімен соққан боран салдарынан қозғалыс қиындады. Қардың салмағына шыдамаған электр сымдары істен шығып, шаһардың көптеген ықшам аудандарында жарық сөнген. Қала бойынша барлық күш төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталды. Қар тазалау жұмыстарына арнаулы автобаза мен Атырау су арнасы мекемесінен өзге жекеменшік компаниялардың да су сорғыш техникалары шығарылды. Қалыптасқан төтенше жағдайға орай жанар жағармай құю бекеттері арнайы техникаларға дизель отынын тізім бойынша тегін беруде. Синоптиктердің болжамы бойынша боранды күндер апта соңына дейін сақталады.

Айна Қазығұлова, Қазгидромет РМК облыстық филиалының бөлім басшысы:

- Ертең 19 сәуірде түнде синоптикалық жағдай аса өзгермейді. Желдің екпіні кей жерлерде 18-23 метр сек жетіп, бұрқасын сақталады. Түнде ауаның температурасы 0-5 аяз сақталып, күндіз ашық ауа райы күтіліп, температура 5-10 градусқа дейін жоғарылайды. Дегенмен, рекордтық жылуды күтудің әзірге қажеті жоқ.

Хабар 24 телеарнасы