378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында қызғалдақтарды жұлғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылды

  • 132
Түркістан облысында қызғалдақтарды жұлғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Түркістан облысында қызыл кітапқа енген «Грейг» және «Кауфман» қызғалдақтарын заңсыз жұлған 8 адам анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері облыс тұрғындарынан 57 дана қызғалдақ тәркіленген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды. Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды заңсыз жұлғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Құқық бұзушының әрекеті дәлелденген жағдайда оған сот шешімімен 3 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Құзырлы орган қызметкерлері наурыз айынан бастап осы мақсатта рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.

Нұрлан Тұманбаев, облыстық ПД ЖП қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының аға инспекторы

– 8 адам полиция қызметкерлерінің жеке іздеуімен анықталды. Ол бойынша ҚР ҚК 339 бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп, тексеру, экологиялық сараптама тағайындалып, содан кейін барып заңды шешім қабылданатын болады. Онда тек қана қылмыстық жауапкершілік қаралған. Әкімшілік айыппұл деген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы