378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстікқазақстандықтар: Кезектен тыс президенттік сайлау – келешектің қамы

  • 115
  • UPD: 08:41, 19.04.2019

Биліктің уақытша емес, тұрақты болғаны қажет. Солтүстікқазақстандықтардың пікірі осыған саяды.

«Өйткені уақыт өткен сайын әлемдегі геосаяси жағдай қиындап барады. Сондықтан алмағайып заманда, көпке созбай өз президентімізді сайлап алу аса маңызды», – дейді жергілікті халық.

Гүлнәр Уатаева, Петропавл қаласының тұрғыны:

– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбектері жемісті болды. Бейбітшілікті сақтап, заманымызға тыныштық тілейтін адам келсе екен деп тілейміз.

Шынар Сүлейменова, Петропавл қаласының тұрғыны:

– Президент сайлауы неғұрлым ерте өтсе, соғұрлым мемлекетіміздің даму жоспары айқындалады. Сондықтан бұл келешектің қамы деп есептеймін. Ал маңызды саяси науқанды өткізуге біздің қоғам дайын.

Хабар 24 телеарнасы