389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық жас режиссер екі фильмін жарыққа шығарды

  • 692
Қазақстандық жас режиссер екі фильмін жарыққа шығарды

Сан-Франциско киноакадемиясын бітірген қазақстандық режиссер қос кинокартинасын таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұрат Есжан түсірген фильмнің бірі «Парижке кетем бір күні» деп аталады. Әлеуметтік желі тақырыбын қозғайтын туынды Франция астанасында өмір сүргісі келетін қыздың күйбең тіршілігін баяндайды. Сонымен бірге «Болашақ» бағдарламасының түлегі жас жазушы Лирса Хонстың «Тиын» әңгімесінің желісімен түсірген фильмді жарыққа шығарды. Бұл картинаны «Қазақфильм» қаржыландырған.

Мұрат Есжан, режиссёр:

– Фильм адамды ойландыру керек. Бастысы сіздің фильміңіз жамандыққа шақырмаса болды.

Хабар 24 телеарнасы