378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы жаңа зауытта 100-ге жуық жұмыс орны ашылады

  • 94
  • UPD: 08:54, 19.04.2019
СҚО-дағы жаңа зауытта 100-ге жуық жұмыс орны ашылады

Солтүстік Қазақстан облысында биылдан бастап шетелдің ауылшаруашылығы техникалары құрастырыла бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін 2017 жылдан бері немістің «Класс» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, меморандум жасалды. Инвестиция көлемі – 3 миллиард теңге. Биыл Петропавлда 100 комбайн жинақталып, еліміз бойынша сатылмақ. Ал жаңа зауытта шамамен 100-ге жуық жұмыс орны құрылмақ. Жалпы айта кету қажет, ел қамбасының үштен бірін астыққа толтыратын өңірде бүгінгі күні ауылшарушалығы техникалары 70 процентке ескірген.

Ерболат Бекшенов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Кәсіпкерлерге үлкен қолдау болады. Сатып аламын деушілерге мемлекет тарапынан арнайы субсидия беріледі. Тағы да басқа жеңілдіктер қарастырылып отыр. Яғни бұл комбайн оларға нарықтағы бағадан 42 процентке арзанға түседі. Қазір біз шетелдік компанияға арнайы ғимарат пен өндіріс орнын дайындап қойдық.

Хабар 24 телеарнасы