378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ломбард қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу қажет пе?

  • 151
  • UPD: 09:24, 19.04.2019
Ломбард қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу қажет пе?

Ломбард қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу алаяқтардың жолын кесуге көмектеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан ломбардтары қауымдастығының президенті Роберт Абзалинов осындай пікірде. Оның айтуынша, саладағы лицензиялауды алып тастағаннан кейін нарық айтарлықтай өскен. Дегенмен талапқа сай олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркелу керек. Алайда кейбір пысықайлар жеке кәсіпкер болып тіркеліп, ломбард жұмысын жандандыруда. Сондықтан саланы заңды реттеу – уақыт талабы.

Роберт Абзалинов, Қазақстан ломбардтары ассоциациясының президенті:

– Бүгінгі таңда ломбардтар нарығы өте үлкен. Онда қызметі түсініксіз ұсақ мекемелер көп. Ең сорақысы, олар мүлдем тіркелмеген де болуы мүмкін. Бірақ мұны ешкім анықтай алмайды. 2006 жылдан бері елімізде ломбардтардың қызметіне қаржылық бақылау жүргізу тоқтатылды. Сондықтан қазір нарықты реттеу қажеттілігі туындап отыр. ҚР Ұлттық банкі ломбардтар мен онлайн-несие қызметін қадағалайтын заң жобасын әзірлеуде. Бұл саланы реттеуге сеп болады.

Хабар 24 телеарнасы