378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО көліктік бақылау инспекциясының мамандары жүк көліктеріне қатысты дабыл қағуда

  • 151
БҚО көліктік бақылау инспекциясының мамандары жүк көліктеріне қатысты дабыл қағуда

Шамадан тыс жүк тиелген көліктер аймақтағы автомобиль жолдарын бүлдіруде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Батыс Қазақстан облыстық көліктік бақылау инспекциясының мамандары осылай деп дабыл қағып отыр. Қазіргі таңда облыста 18 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген. Олар өңірдегі 44 карьерден өндірілетін инертті материалдарды күндіз-түні құрылыс алаңдарына тасиды. Алайда бұл карьерлердің ешқайсысы жүк көліктерінің салмағын өлшейтін арнайы қондырғымен қамтылмаған. Салдарынан тасымалданатын жүктің көлемі белгіленген нормадан бірнеше есеге артық болып шығады. Былтыр осындай 200-ден астам жүгенсіз жүк жөнелтушіге 16 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Ал биылғы жыл басынан бері 6 кәсіпорын жауапқа тартылыпты.

Момыш Ермеков, облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары:

– Мердігер ұйымдар өздері бір жағынан жолды салады. Жолды салу барысында ауыр салмақтағы төкпе құралдарын пайдалану салдарынан оған дейін салынған жолды бұзып отырады. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, тиімділігн арттыру үшін біз көлік комитеті және облыс әкімдігімен жол картасы бекітілді.

Бауыржан Айтмағамбетов, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

– Қанағаттанарлық және жақсы деген деңгейдегі жолдардың үлесі 28,7 пайызды құрап отыр. 2019 жылы күрделі жөндеу, орташа жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстарына жалпы көлемі республикалық және жергілікті бюджеттен 150 шақырым жолды жөндеуге 13 миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы