379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік ардагерлер Мемлекет басшысының үндеуін талқылады

  • 175
  • UPD: 13:39, 19.04.2019

Ақтөбеде ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеңестің белсенді мүшелері қоғамдық шаралардың бел ортасында жүреді. «Өмірлік тәжірибемен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар беру – міндетіміз», – дейді олар. Кеңестің 30-ға жуық мүшесі мен 86 бастауыш ұйымы бар. Алды тоқсаннан асқан қариялар алдағы саяси науқаннан шет қалмақ емес. Өздері жиі бас қосатын аллеяға жиналып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін талқылады. Өткен мен бүгінді саралап, алдағы болашақты болжап отыратын қазыналы қарттардың тілегі бір. «Сыртқы саяси-экономикалық байланыс тұрақты дамып, әр саладағы реформалар жалғасын тауып, халықтың әл-ауқаты жақсара түссе», – деген ой айтады. Ол үшін саяси науқанды сәтті өткізіп, Мемлекет басшысын сайлап алу маңызды. 

Хамза Қуан, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

– Маңызды сайлауға әрине қатысамыз. Сайлаудың әділ өтетініне сенемін. Қазақстан – татулықты ту еткен ел.

Хабар 24 телеарнасы