378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік 175 студент шетелде білімін жетілдірді

  • 116
Ақтөбелік 175 студент шетелде білімін жетілдірді

Ақтөбедегі Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің 175 студенті шетелде білімін жетілдіріп қайтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша 18 елдің 143 жоғарғы оқу орнымен әріптестік орнатқан. Студенттер алмасу процесі қарқынды жүріп жатыр. Мұндағы «халықаралық ынтымақтастық орталығы» арнайы стратегияға сәйкес, шет мемлекеттермен байланысты нығайтуға күш салады. Мысалы Польша, Қытай, Ресей мен Түркия елінің университтерімен арнайы келісім жасалып, студенттер бірден екі елдің дипломын алады. Жалпы өңірдегі байырғы универсиетет білім беру кеңістігінің хабына айналды. Мұнда жастарды интеллектуалды және шығармашылық тұрғыда дамытатын орталық ашылды. Одан бөлек, стартап академиясы жұмысын бастады. Академия жастарды бизнеске баулиды. Олардың инновациялық жобалары қолдау тауып, идеялары іске асуда.

Ақзеріп Есенжолова, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ студенті:

– ҚХР-да Синьцзян қаржы және экономика университетінде бірінші семестрді бітіріп келдім. Бұл алмасу менің өмірімдегі үлкен жетістік десем болады. Осы кезең маған тәжірибе алмасуға, шетелдік тәжірбиені көруге ол жақтағы білім жүйесінің қандай екенін білуге мүмкіндік берді. Қазіргі таңда шетелде оқу әрбір студент үшін жаңаша көзқарасты қалыптастыруға, сонымен қатар негізгі еліміздегі жаңа интеграцияны дамытуға жол береді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы