379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан бір жылда 60-қа жуық адам жарақат алған

  • 292
Елордада еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан бір жылда 60-қа жуық адам жарақат алған stroyobzor.ua

Өткен жылы еліміз бойынша өндірісте болған жазатайым оқиғадан екі мыңға жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек елордаданың өзінде еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан 60-қа жуық адам жарақат алған. Оның 15-і қаза тапты. Сарапшылардың айтуынша, бұл бағытта тау-кен металлургиясы мен құрылыс салалары қауіпті. Сондықтан жұмыс берушілер, кәсіподақ пен әкімдік арасында байланыс әлі де арта түсуі қажет. Көбіне компания басшылары кәсіподақ құруға қаржы үнемдейді. «Осының алдын алуымыз тиіс», – дейді сарапшылар. Бұл мәселелер Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан құрылысшылар мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы кәсіподағының 3-конгресінде айтылды. 

Тілеулес Мадиярова, «Құрылыс кешені және ТҮКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ қалалық филиалының төрайымы:

– Еңбек қауіпсіздігі қатаң бақыланады. Сондықтан кәсіподақтың болғаны дұрыс. Бірақ біз компанияларға оны құрыңдар деп міндеттей алмаймыз. Бірақ байқағанымыз, кәсіподақ жұмыс істейтін мекемелерде еңбек қауіпсіздігі сақталады. Онда қоғамдық инспекторлар да болады. Осыған орай жарақат алу көрсеткіші де төмендеген.

Хабар 24 телеарнасы