378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандық жастар елордаға 1000 түп қызғалдақ сыйға тартты

  • 201
Түркістандық жастар елордаға 1000 түп қызғалдақ сыйға тартты

Астананың Нұр-Сұлтан атану құрметіне және Жастар жылына орай Түркістан облысының жастары елордаға 1000 (мың) түп қызғалдақты сыйға тартты.

Әсем гүлдер бас қаланың Ботаникалық бағына отырғызылады. Қазақ даласының көркі – қызғалдақтарды түркістандық жастар «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы!» атты қызғалдақ фестивалінде тарту етті. Мұндай ерекше сыйлық жасаудағы мақсат – тарихы тереңде жатқан қызғалдақтың мәнін көпшілікке жеткізу. Себебі қазақ даласына көрік берген қызғалдақты ата-бабамыз жұмақ гүліне балаған. Сәуір айының соңында гүлдеп, 15 күн ғана өмір сүретін қызғалдақ қазақтар үшін Наурыздың нышаны болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы