377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздық ардагерлер Мемлекет басшысының шешіміне қолдау білдірді

  • 91
  • UPD: 15:35, 19.04.2019

Тараздық ардагерлер кезектен тыс сайлау өткізу туралы Президенттің шешімін құптап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық ардагерлер ұйымының мүшесі Канал Берденов алдағы сайлаудың әділ әрі демократиялық негізде өтетініне сенімді. Бүгінде ардагерлер ұйымының 124 мың мүшесі бар. Олардың көпшілігі ел болашағына бей-жай қарамай, сайлауға қатысатындықтарын жеткізді.

Канал Берденов, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі:

– Шекарамыздың нық бекігенін, әлемге танымал болғандығымызды, экономикамыздың өркендеп, дамып жатқанын мақтан етеміз. Жастарымызға жарқын өмір сыйлай білетін жақсы азамат сайланса деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы