389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда оқушылар арасында экология тақырыбындағы халықаралық байқау өтеді

  • 511
  • UPD: 17:27, 19.04.2019
Алматыда оқушылар арасында экология тақырыбындағы халықаралық байқау өтеді

Келер аптада Алматыда оқушылар арасында экология тақырыбында халықаралық байқау өтеді. Оған 9 мемлекеттің өкілдері қатысады.

Қазақстандық оқушылар да өз бағын сынап көрмек. Ең үздік жобалардың авторлары бүгін елордада ұйымдастырылған форумда бас қосты. Олар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ұтымды шешімдерді ұсынды. Сондай-ақ энергия үнемдейтін, қатты қалдықтарды өңдеуге бағытталған өз жобаларын таныстырды. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жалпы саны мыңнан астам оқушы қатысты. Игі бастамаға «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры» мен БҰҰ-ның даму бағдарламасы мұрындық болды. Айтпақшы, халықаралық ұйым биыл еліміздегі түрлі жобаларды қолдауға 17 млн доллар қаражат бөлген. Оның тең жартысы экология саласына бағытталады.

Виталий Времиш, БҰҰ ДБ Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары:

- Келер жылға біз жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтамыз. Мәселен, экологиялық білім беру мақсатындағы су, жер ресурстарын тиімді басқару сынды бастамаларды қолдайтын боламыз. Біз көптеген ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейміз. Сондай-ақ инвестиция тартып, халықаралық ұйымдарды экология мәселесіне көңіл аудартуға тырысып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы