378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде туристік полиция құрылды

  • 327
  • UPD: 21:14, 19.04.2019

Президенттің қатысуымен өткен Ішкі Істер Министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев осылай деді.

Ондағы мақсат елімізге келген шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Туристік полиция қызметкерлері бейнетіркеуіштермен, планшеттермен, рациямен жабдықталады. Оларға қойылатын талап, мемлекеттік тілмен қатар орыс және ағылшын тілдерін, еліміздің тарихын білуі тиіс. Сондай-ақ тез тіл табыса білетін қасиеті болуы керек. Бірінші кезеңде бұл бөліністер елорда мен Алматы қаласында, Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында құрылды. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік саяхатшылармен жұмыс барысында жекелеген полиция бөліністерін мамандандыру бойынша қабылданып жатқан шараларды мақұлдады. 

Динара Асанова, қалалық полиция департаменті туристік полицияның инспекторы: 

- Туристік полиция қызметкерінің негізгі міндеттері болып шетелдік азаматтардың жағдайын, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, шетелдік азаматтар көп жүретін жерлерде патруль жасау. Кез-келген сұрақтар бойынша оларға жауап беру және  қауіпсіздік туризм жағдайына мониторинг жасау. Жалпы қоғамдық тәртіпті сақтау және де қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы