378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 830 мыңға жуық отбасына әлеуметтік төлем беріледі

  • 150
  • UPD: 22:56, 19.04.2019

Көп балалы және тұрмысы нашар отбасылардың ешқайсы үкіметтің назарынан тыс қалмайды.

Еліміз бойынша көпбалалы жанұяларға берілетін қаржылай көмекке 830 мыңға жуық адам қол жеткізеді. Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапары кезінде осылай деді. Үкіметтің жұмыс тобы Өскемендегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Әуелі облыстық мамандандырылған медициналық орталықта болды. Мұнда бүгінге дейін хирургия, гинекология, урология және торакалгия бағыттарында 200-ден астам науқасқа операция жасалған. Бұдан кейін Үкімет мүшелері облыс орталығында тұратын көпбалалы отбасылармен кездесті. Екі отбасына тұрмыстық техниканың ақшалай сертификатын табыстады. Ал халықпен кездесу кезінде әлеуметтік сала бойынша әрбір салалық министрліктің атқарып жатқан жұмыстары айтылды. Бүгінде Шығыс Қазақстанда 46 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Мүгедектік бойынша төленетін жәрдемақының мөлшері де 10 мың теңгеге өспек. Сондай-ақ биыл елімізде «Денсаулық» бағдарламасы аяқталады. Сосын алдағы бес жылға арналған жаңа құжат әзірленбек. Ол бағдарламада дәрігерлердің еңбекақысын көтеру жайы қарастырылған.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі: 

- Елбасының «Нұр Отан» партиясында берген тапсырмасына сәйкес біз медицина саласы мамандырының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша бірқатар шаралар қабылдадық. Қатардағы санитарлардан бастап жоғары санаттағы дәрігерлердің барлық жүктемесін ескердік. Ол үшін медициналық мекемелердің өзін өзі қаржыландыру мәселесі де ескерілді.

Хабар 24 телеарнасы