389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте қылмыстық істер саны азайған

  • 479
Шымкентте қылмыстық істер саны азайған

Шымкент қаласы соттарында биылғы жылдың алғашқы үш айында аудандық 574 қылмыстық іс қаралған. «Көрсеткіш өткен жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 87 қылмыстық іске кеміген», - дейді мамандар.

Журналистермен жүздескен шаһар сотының өкілдері 2019 жылдың алғашқы тоқсанында атқарылған жұмыстарды баяндады. Азаматтық істер бойынша да ілгерілеушілік бар. «Cондай-ақ дауларды баламалы тәсілдермен шешу де оң нәтиже беруде», - дейді мамандар.

Ал соттар әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесов алда қалалық сот жүйесі БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтынын жеткізді.

Нұрсұлтан Байтілесов, қалалық соттар әкімшісінің басшысы:

- Халыққа сот жүйесінің қолжетімді болуын қамтамасыз етудің бұл бір кезеңі деп білеміз. Сот жүйесінде болып жатқан өзгерістер, заңдарға енгіліп жатқан өзгерістер, халықтың қызығушылығын тудырып жатқан істер бойынша ақпараттар беріліп, баспасөз кездесулер өткізіліп, яғни, бір тарапты ғана емес, сіздерден де ұсыныстар алуға осындай бір алаң ашсақ деген оймен жасадық.

Хабар 24 телеарнасы