389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бағбандар «бесқонақтан» келген шығынды есептеп жатыр

  • 327
Бағбандар «бесқонақтан» келген шығынды есептеп жатыр

Атыраулық бағбандар өткінші салқындықтың шығынын есептеп жатыр. Биылғы «бесқонақтың» әбігері атыраулықтардың есінде көпке дейін қалары анық.

Екі күн бойы толассыз жауған жаңбырдың соңы қарға ұласып, тәулік бойы боран соқты. Қазір күн ашылды. Ал бағбандар табиғаттың тосын мінезінен келген шығынды есептеп, бақтарын ретке келтіре бастады. Әдетте, күннің күрт бұзылуы жапырақ жайып, гүлдей бастаған ағаштың барлығына да қауіпті. Бағбандардың айтуынша, кештеу гүлдейтін алмұрт, шие, секілді ағаштар суыққа төзімді келеді екен.

Алайда биыл атыраулықтар өріктен үміт үзетін сияқты. Өйткені ерте гүлдеген өрік ағашын үсік шалған.

Анна Ромашкова, әуесқой бағбан:

- Мен ағаштардан гөрі гүлдерім үсиді деп қорыққанмын. Бүгінгі жылылықтан бойларын тіктеп келеді. Басқа жүзімдіктер де аман. Тек өрік ағашы қатты зардап шекті. Сірә, биыл өнім бермейтін болар.

Хабар 24 телеарнасы