378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда алғаш рет «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны ұйымдастырылды

  • 256
  • UPD: 09:25, 20.04.2019
Түркістанда алғаш рет «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны ұйымдастырылды

Түркістанда тұңғыш рет «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйытқы болуымен жыл сайын ұйымдастырылатын облыстық іріктеу сайысына аудандардың намысын арқалаған 16 команда қатысып жатыр. Екі күнге жалғасатын шара барысында олар өздерінің ептілігі мен күш-жігерін, әскери машыққа қаншалықты бейім екендіктерін көрсетті. Әскери клубтардан іріктеліп алынған 300-ге жуық жас пневматикалық қарудан оқ ату, қару-жарақты бөлшектеу және құрастыру, кермеде тартылу, әскери кросс және арқан тарту сынды 10-ға жуық тапсырма бойынша бақ сынады. Бұдан өзге командалар «Менің роботым» атты робототехника сайысына қатысып, өз қолдарымен құрастырған озық үлгілерді көпшілік назарына ұсынды. Көзге түскен ерекше жұмыстар жүлдеге лайық деп танылды. Барлық сыннан сүрінбей өтіп, үздік атанған команда 17-22 маусым аралығында Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығында өтетін Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына Түркістан облысының атынан қатысады.

Ерлан Айтуов, 9-сынып оқушысы /Сарыағаш ауданы/

– Бұл – легоконструктордан жасалған қашықтықтан басқарылатын танк. Әскери соғыстарда тиімді болып танылады. Бұл робототехникаға 1 айдан бері қатысамын. Мұны 15 күнде жасап шықтым.

Хабар 24 телеарнасы