378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Қордайда жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

  • 237
  • UPD: 16:48, 20.04.2019
Мемлекет басшысы Қордайда жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты Деловой Казахстан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы ірі жол апатынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

Бұл туралы Мемлекет басшысы твиттердегі парақшасында жазды.

«Қордай тас жолында болған ірі жол апатынан 11 адам көз жұмды. Арасында Өзбекстан азаматтары бар. Туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.

ӨР Президентіне жеделхат жібердім. Біздің жолдарымыздың ахуалы үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. ІІМ-де өткен кеңесте осы мәселені айттым. Үкіметке шұғыл түрде шаралар қабылдауды ұсындым», - деп жазды Президент.

Хабар 24 телеарнасы