379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батысқазақстандық қоғам белсенділері отандастарын сайлауға белсене қатысуға шақырды

  • 159
  • UPD: 15:33, 20.04.2019

Батыс Қазақстан облысында 600-ден астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде 6 саяси партия, 50 этномәдени орталық, жүзге тарта жастар ұйымы жұмыс істейді. Үкіметтік емес ұйымдар әсіресе азаматтық бастамаларды, ғылым мен білімді және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау бағытында белсенді. Олар ел өміріндегі елеулі оқиға саналатын алдағы президент сайлауында да бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығармақ ниетте. «Халықтың тұрмысы түзеліп, әл-ауқатының жақсы болуы биліктің тұрақтылығына байланысты», – дейді олар.

Тамара Истомина, «Диабет» қоғамдық қорының төрайымы:

– Елімізде кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылданып отыр. Мен қоғамдық ұйым төрайымы және азаматтық қоғам өкілі ретінде ел тұрғындарын алдағы сайлауға белсене қатысуға шақырамын. Біздің еліміз өзгеден емес, өзімізден қолдау күтеді. Сондықтан ел президентін сайлау секілді маңызды саяси науқанға барлығымыз бір кісідей атсалысуымыз керек деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы