379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық жас ғалым қауіп-қатердің алдын алатын жаңа жүйе ойлап тапты

  • 248
Қазақстандық жас ғалым қауіп-қатердің алдын алатын жаңа жүйе ойлап тапты

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, жас биотехнолог ғалым Әмір Қуат қауіп-қатердің алдын алуға бағытталған жаңа жүйе ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба авторының айтуынша, бұл жаңашылдықты қорғаныс, спорт, медицина, өндіріс сияқты түрлі салада қолдануға болады. Ғалымның бұдан өзге электр трансформаторын тиімді пайдалануға және ауызсуды үнемдеуге арналған жобалары бар. 

Адамның қай кезде дағдарысқа немесе магниттік дауыл күндеріне тап келетіндігін алдын ала білуге болады. Яғни үш айдан бір жыл аралығында қолайсыз күндерді анықтау мүмкіндігі бар. Жас ғалым, өнертапқыш Әмір Қуаттың ғылыми жобасы адами факторды болдырмауды көздейді. Алдымен арнайы бағдарламаға адамның туған күні мен айы, жылы енгізіледі. Сол ақпарат бойынша кесте адам ағзасындағы интеллектуалдық, эмоционалдық және физикалық биоырғақтақтардың қандай екендігін анықтап береді. Осы биоырғақтарды қаперге алған жағдайда адам өміріне қауіп төнбейді. Мәселен, соңғы болған тікұшақ апаты жайында биотехнолог ғалым Әмір Қуаттың жеке пікірі мынадай.

Әмір Қуат, биотехнолог ғалым:

– Экипаж үш потенциал жағынан бір-бірмен сәйкес келмейді. Биопотенциал жағынан қолайсыз жағдайлар болды. Критикалық жағдайлар үш потенциалдың екеуінде болды. Ол дегеніміз не? Экстремальды жағдай кезінде адам қолайсыз шешімдер қабылдауы мүмкін.

Бұл жүйенің тиімділігі спортта да дәлелдеген. Бірнеше жылдан бері спортшыларға көмек көрсетіп келеді. Мәселен, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің алғашқы кездесуінің өту мерзімі белгілегенде дәл осы Әмір Қуаттың қауіп-қатерді басқару жүйесі назарға алынған. 

Әмір Қуат, биотехнолог ғалым:

– Головкин Альвареспен алғашқы кездесуін көктемде жоспарлаған. Кейін жоспарын күзге ығыстырды. Оның бір себебі, биопотенциалдық жағынан қолайсыз жағдайға тап болды. Берген ұсыныс бойынша ең қолайлы уақыт күз болып есептелді.

Әмір «БИОВ» қауіпсіздік техникасының авторлық жүйесі адам өмірін сақтайды деген сенімде. Оны зерттеулер нәтижесі көрсеткен. Барлығы салаға тиімді. Ең тәжірибелі және қауіпсіздік мәселесіне аса мұқият қарайтын жұмысшының немесе маманның өзі де қателесуі мүмкін. Бірақ сол қатені қай уақытта жасайтынын ешкім білмейді. «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Әмір Қуаттың ғылыми-зерттеуі сол қауіп-қатердің алдын алуға көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы