378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда ұшқыш-ғарышкер А. Викторенко атындағы сыйақы табысталды

  • 164
  • UPD: 15:22, 20.04.2019
Петропавлда ұшқыш-ғарышкер А. Викторенко атындағы сыйақы табысталды

Петропавлда Кеңес одағының батыры, ұшқыш-ғарышкер Александр Викторенко атындағы сыйақы табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық құрылыс экономикалық колледжінің оқытушылары мен оқушылары бұл құрметке осымен он сегізінші жыл қатарынан бөленіп отыр. Шараға халық қаһарманы, авиация генерал-лейтенант Талғат Мұсабаев қатысты. Александр Викторенко Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында туған. Ол «Мир» орбиталық станциясына 4 рет ұшып, ғарыш кеңістігінде 489 күн болған. Қазір Мәскеуде тұрады. Бұған дейін салтанатты шараға өзі келіп қатысатын батыр соңғы жылдары тікелей эфир арқылы хабарласады. Биыл денсаулығына байланысты шыға алмады.

Анатолий Башмаков, «Nur Otan» партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі:

– Бұл колледжден жақсы заңгерлер, технологтар мен құрылысшылар шығады. Ең бастысы біз оларды өз отанын сүйетін азамат ретінде қалыптастыруымыз керек. Шараның басты мақсаты да осы. Оқушылардың бойына осындай қасиеттер дарыса дейміз.

Хабар 24 телеарнасы