378.59 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордайдағы апаттан зардап шеккен қай елдің азаматтары екендігі анықталды

  • 240
  • UPD: 16:22, 20.04.2019
Қордайдағы апаттан зардап шеккен қай елдің азаматтары екендігі анықталды

Алматы-Ташкент тас жолында апатқа ұшырағандар арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар.

«Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қайғылы жол апатында оқиға орнында 8 адам қаза тапты. 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді. Оның ішінде тағы үшеуі алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасында қаза тапқан 11 адамның ішінде жетеуі Қазақстан азаматы, 3 - Өзбекстан азаматы болғаны анықталды, бір адамның қай елдің азаматы екендігі әзірге анықталуда. Ауруханаға жеткізілген зардап шегушілер арасында қазақстандықтар, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Алматы-Ташкент тас жолында ірі жол апаты болып, 11 адам қаза тапты. Қазір облыста жедел штаб құрылған. Психологтар кезекшілігі қосылған «қауырт желі» +7 (7262) 513575 және +7 (7262) 514167 жұмыс істеп тұр. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы