389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы кардиохирургиялық орталықта арнайы оқу-жаттығу өтті

  • 463
  • UPD: 16:48, 20.04.2019
Елордадағы кардиохирургиялық орталықта арнайы оқу-жаттығу өтті

Елордадағы кардиохирургиялық орталықта өрт болды. Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған.

Медициналық мекемедегі барлық қызметкерлер мен емделушілер 7 минутта сыртқа шығарылды. Өртті сөндіріп, адамдарды құтқаруға төтенше жағдайлар департаментінің 5 техникасы мен жеке құрамның 37 өкілі жұмылдырылды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Мұның барлығы алдын ала жоспарланған арнайы оқу-жаттығу шарасы. Сақтықта қорлық жоқ. Мамандардың айтуынша өрт кезінде адамдар абдырап, тіпті 101 нөміріне хабарласу керектігін де ұмытып қалады. Бұл жолы да іштегі адамдардың далаға шығуы уақыт алған.

Бағлан Қырбас, Есіл ауданы ТЖБ Бас маманы:

- Іс шараны 4 деген бағамен бағалауға болады. Өйткені есіктерді ашу, эвакуация жүріп жатқан адамдарға көмектесу бүкіл адамдардың осы жерден эвакуация жасау уақыты кішкені ұзақтау болды деп айтсақ болады.

Хабар 24 телеарнасы