389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да кәсіпкерлер балалардың теннис ойынын үйренуіне демеуші болды

  • 447
  • UPD: 19:59, 20.04.2019

Солтүстік қазақстандық кәсіпкерлер әулеті балалардың тенниспен шұғылдануына демеуші болды. Олар Бескөл ауылындағы 10 шақты ұл – қызды үйірмеге жаздырып, жеке жаттықтырушы жалдап берді. Қалаға да өздері апарып әкеледі.

Бұл теннис орталығының ең кішкентай спортшылары. Олар Бескөл ауылынан келіп – кетіп жаттығады. Ракетканы алғаш рет қолға алғандардың бірі – Ульяна Петрова.

Ульяна Петрова, Бескөл ауылының тұрғыны:

- Маған теннис ойнаған қатты ұнайды. Спорт арқылы мен күшті, әдемі әрі ақылды боламын. Жаттықтырушы да бізді соған үйретеді.

Бұл балалардың тенниспен шұғылдануына кәсіпкерлер әулеті себепші болды. Демеуші отбасы оларды аптасына 3 рет ауылдан қалаға апарып, жеке жаттықтырушы жалдап берді.

Сағыныш Омарова, кәсіпкер:

- Менің сіңілім осыдан 6 жыл бұрын осы спортқа бара бастады. Сол сіңілімнің турнирлеріне, тренировкаларына ылғиында барып жүрдім. Өте ұнады маған. Сол кезден бастап мен осы спортқа өзімнің көмегімді көрсеткім келді.

Петропавлда теннис кенже қалған спорт түрі. Орталық жарты жыл бұрын ғана ашылды. Қазір мұнда 90 адам жаттығады. Бірақ бапкер жетіспейді. Небәрі 4 адам.

Виктор Загайнов, жаттықтырушы:

- Басқа қалаларда спорттың бұл түрі әлдеқашан дамып кеткен. Сондықтан жаттығатын бала да баптайтын бапкер де өте көп. Ал бізде адам аз. Алдағы уақытта бәрі бола жатар.

«Балғындардың спортқа деген қызығушылығы өте зор» дейді жаттықтырушы. Ертең олардың чемпион болуына кім кедергі? Тек бетін қақпай, белін бусақ болғаны.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы