378.59 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордайдағы апат: Құзырлы органдар жағдайды бақылауға алды

  • 271
  • UPD: 19:30, 20.04.2019

Қордайдағы қайғылы оқиға болған жерге біздің түсірілім тобымыз да жетті. 

Аршын Кемелжан, тілші:

- Қайғылы жол көлік оқиғасы таңғы сағат бесте болған. Алматы-Ташкент күре жолының 181 шақырымында жол шетінде тұрған жүк көлігіне Тойота маркалы жеңіл көлік соқтығысқан. Дәл осы сәтте жолда келе жатқан жолаушылар автобусы қақтығыстан қашамын, деп жолдан шығып, аударалып кеткен. Салдарынан 8 адам қаза тауып, 32 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Онда тағы үшеуі қайтыс болды. Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков және басқа да құзырлы және төтенше орган өкілдері барып, жағдайды бақылауға алды.

Марат Жұманқұлов, Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бұл дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 345 бабы, төртінші бөліміне сәйкес сот алды тергеу бсталды.

Хабар 24 телеарнасы