389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордайдағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

  • 514
  • UPD: 19:43, 20.04.2019
Қордайдағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Кордай маңында болған ірі жол апатынан зардап шеккен 30 адамға медициналық көмек қажет болды.

Олардың екеуі интенсивті терапия бөлімінде, ал біреуіне операция жасалып жатыр. Бұл туралы Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.

«Жалпы 41 адам зардап шекті. 11 адам қайтыс болды, олардың сегізі оқиға болған жерде, екеуі Кордай аудандық ауруханасында, біреуі Гвардиялық медициналық госпитальде көз жұмған.

Қазіргі уақытта 30 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың 24-і Кордай аудандық ауруханасында: екі науқас интенсивті терапия бөлімінде, біреуі операция үстелінде, қалғандары Гвардиялық медициналық госпитальде жатыр», - деп хабарлады басқармадағылар. Ауруханаға жеткізілгендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы