378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өтіп жатыр

  • 333
  • UPD: 22:03, 20.04.2019

Елімізде Жас Отан жастар қанатының «Ардагерлерді ардақтайық» деп аталатын акциясы өтіп жатқаны белгілі.

Мақсат соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құрметтеп,  қолғабыс көрсету. Сондай-ақ майдан даласында қан кешкен отандастарымызға арналған ескерткіштерді күтімге алып, есіл ерлердің атымен аталған көшелерді ретке келтіру. Бұл жұмыстарды арнайы топтар қолға алып, жұмысты барынша қыздыра түскен. Олардың қатарында партия белсенділері, «жасотандықтар», студент жастар бар. Алматыдағы 28 панфиловшы саябағында осындай жұмыс жасалды. Айта кетейік, бір айға созылатын акция Алматы қаласында екінші жыл қатарынан өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы