378.59 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде 50 мыңға жуық қарағай өскіні отырғызылды

  • 150
  • UPD: 09:16, 21.04.2019
Семейде 50 мыңға жуық қарағай өскіні отырғызылды

Елімізде 5 жылдан бері сәуір айының үшінші сенбісі Үкімет қаулысымен Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні болып жарияланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты Семей қаласының іргесіндегі арнайы дайындалған 10 гектар алқапқа 50 мыңға жуық қарағай өскіндері отырғызылды. Оған «Семей орманы» табиғи орман резерватының қызметкерлері, студенттер, оқушылар және әртүрлі мекеме өкілдері қатысты. Олардың ішінде Семей мемлекеттік медицина университетінде оқитын бір топ үндістандық жастар да бар. Өскіндер 2 жыл бойы тұқымбақтарда дайындалған. Биылғы акцияның ерекшелігі, ұжымдардан бөлек жекелеген отбасылар да бала-шағасымен келіп, экологиялық акцияға қатысуға мүмкіндік алды. Ауқымды шараға мыңға тарта адам қатысты.

Наджмус Сакиб, Семей мемлекеттік медицина университетінің студенті:

– Бұрын біз орманға тек қыдырып, демалуға келетінбіз. Енді міне, өмірімізде алғаш рет өз қолымызбен қарағай өскіндерін отырығызып жатырмыз. Табиғатты сақтауға үлес қосып жатқанымызды мақтан тұтамыз.

Жұмағали Сағадиев, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты бас директорының орынбасары:

– Мың жарым гектардай жерге отырғызып біттік, ендігі мақсатымыз 1 мамырға дейін 3400 гектар отырғызып, сонымен аяқтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы