389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жастар Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштерді күтімге алды

  • 911
СҚО-да жастар Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштерді күтімге алды

Солтүстікқазақстандық жастар өңірдегі барлық Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің құрметіне тұрғызылған ескерткіштерді күтімге алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейінгі толқын осымен екінші апта қатарынын сенбілікке шығып, мемориалды тақталар мен даңк аллеялары маңын қоқыстан тазартуда. Мұндай тазалық акциясы Петропавл қаласынан бөлек 100-ден астам ауылда өтті. Оған барлығы 1200-ден астам азамат қатысты. Айта кету қажет, аталмыш шара «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Ал келер аптада жастар майдангерлердің есімі берілген көшелерде тазарту жұмыстарын жүргізеді.

Абылайхан Қайроллаев, «Jas Otan» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Бұл акция екінші жұма жүріп жатыр. Бірінші жұмада Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған мәңгілік алауды тазалаған болатынбыз. Бұл акцияның ең басты мақсаты – жастарға тәрбие беру. Акцияның арқасында біз қаламыздың көркеюіне және де қаламыздың тазалығына өз үлесімізді қосамыз деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы