378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да өз ісін бастауға бекінген жастарға 47 млн теңге қайтарымсыз грант бөлінбек

  • 193
  • UPD: 12:03, 21.04.2019

Биыл батысқазақстандық кәсіпкерлер үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға 1 жарым миллиард теңге бағытталады.

Аталған қаржы «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінбек. Өз ісін бастауға бекінген жастарға 47 миллион теңге қайтарымсыз грант бөлу жоспарда бар.

Орал тігін фабрикасы – еліміздегі ең көне өнеркәсіп кәсіпорындарының бірі. Мұнда түйе мен қой жүнінен тігілетін жылы көрпелерге республиканың түкпір-түкпірінен тапсырыстар түсетін. Қазір кәсіпорын негізінен арнайы киімдер мен төсек-орын жабдығын шығарумен айналысады.  

Айнаш Сәлімғалиева, тігінші:

– Сұраныс көп. Көбіне қымбат материал алуға тырысамыз. Клиент жоғалтпау үшін жақсы маталарды шетелден алдыртамыз. 

Төсек-орын жабдығына қажетті биязы жүн тұрғындардан сатып алынады. Жүн түтетін көне аппаратқа да тұтынушылардан жиі тапсырыс түседі. Ай сайын 6 мыңға арнайы киім толымы тігіледі. Алайда жергілікті өнімнен тек жүн мен мақта және синтепон ғана өзіміздкі. Ал ине-жіптен бастап түйме-моншақ секілді ұсақ-түйектің барлығы да шеттен әкелінеді екен.

Ал қағаз майлықтар шығаратын мына шағын цехтың болашағы әлі алда десек болады. Өйткені өндіріс ошағы мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген гранттың көмегімен жуырда ғана іске қосылыпты. Шаруаны енді ғана қолға тәуекелшіл кәсіпкер шикізаттың бәрін шетелден алатынын айтады.

Гүлмира Нетешева, кәсіпкер:

– Біз шығаратын өнімдерімізге қажетті қосалқы бұйымдардың бәрін Ресейден алатын болған соң оларға рубльмен төлейміз. Ал доллар бағамына тәуелді рубльдің бағасы қазір өте жоғары екенін білесіздер. Сайып келгенде бәрі шикізат бағасына әсер етеді. 

Кәсіпкерлер көтерген түйткілдердің түйінін елімізде қолға алынған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы тарқатуы тиіс, – дейді мамандар.

Мейрам Қабдығалиев, облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бас маманы:

– Республика бойынша кәсіпкерлердің несиелерін субсидия жасауға 600 миллиард теңге бөлініп жатыр. Бұл жеңіл өнеркәсіп пен АӨК бойынша жобаларды қаржыландыруға қарастырылған. Бұл бағдарламаның механизмі несиенің пайыздық мөлшерлермесі 15 пайыздан аспауы керек, сонымен қатар кәсіпкер өзі 8 пайызын төлейтін болса, үкімет 7 пайызын субсидиялайды.

Жергілікті өнімдердің бағасын халыққа қолайлы ету – өндірушілер алдындағы зор міндет. «Киім-кешек пен ыдыс-аяқ, жиһаз бен өзге де халық күнделікті тұтынатын заттардың бағасы қолжетімді болуы тиіс. Сонда ғана сапалы отандық өнімге сұраныс арта түспек», - дейді ел тұрғындары.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы