378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі ең ірі теміржол өткелі қайта салынуда

  • 157
Ақтөбедегі ең ірі теміржол өткелі қайта салынуда

Ақтөбенің ескі ауданындағы ең ірі теміржол өткелі қайта салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл қырық жыл болған көпірдің сапасы сыр беріп, апатты жағдайға жеткен еді. Осыдан 3 жыл бұрын арнайы сараптама жасалып, көпір қауіпті деп танылған болатын. Бұл өткел теміржолдың екі жағындағы шағын аудандарды қосып тұр. Тәулігіне 2000-нан астам көлік ағылып жатыр. Қаладағы көлік қозғалысы үшін маңызды нысанды қайта салу былтыр басталды. Жаңа көпір 4 жолақты болады. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қажетті қаржының 70 процентін жергілікті бюджет бөлді. Жаңа көпірде жарық шамдары орнатылып, қосымша жаяу жүргіншілер жолы салынады.

Руслан Төреғали, қалалық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

– Теміржол өткелінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Одан кейін ескі көпір бұзылып, орнына жаңадан көпір салынады. 2018 жылы жөндеу жұмыстары басталып, аяқтауды 2020 жылға жоспарлап отырмыз. Жалпы сметалық құны 267 млрд соманы құрап отыр.

Хабар 24 телеарнасы