388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ментальді арифметика мектебін ашқан математик «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанды

  • 780
  • UPD: 14:49, 21.04.2019

Ресейде өткен Леонард Эйлер атындағы халықаралық олимпиадада 12 медальдің тоғызын біздің оқушылар еншіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңімпаз атанғандардың барлығы елордадағы ментальді арифметика мектебінде оқиды. Мұның алдында математика пәнінен қыздар арасында ұйымдастырылған Еуропа чемпионатында да аталған білім ордасының оқушысы Ділназ Уәлиева қола жүлдені иеленген еді. Әлемнің 40 елінен жиналған кіл мықтының ішінен оқ бойы озық шығу – әркімге бұйыра бермейтін бақ. Білімділер ғана биіктен көрінері ақиқат. Ұшқыр ойлы оқушылар білім алатын елордадағы ментальді арифметика мектебін 2008 жылы Асан Жолдасов есімді талапты жас ашқан. Ол – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.

Асан Жолдасов, қосымша білім беру мектебінің негізін қалаушы:

– 10 жылда біздің мектепте 10 мыңнан астам оқушы білім алды. Түлектеріміз халықаралық олимпиадалардан мыңдаған медаль еншіледі. Елімізде математика, физика пәндерінен өткен сайыстардың барлық жүлдесін иелендік. 2-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушыларды үйретеміз. Ойлау қабілеттерін жетілдіреміз.

Хабар 24 телеарнасы