379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ: Шри-Ланкада болған бірнеше жарылыстан қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ

  • 261
  • UPD: 15:37, 21.04.2019

Шри-Ланкада бірнеше шіркеу мен қонақүйде жарылыс болып, қаза тапқандардың саны артуда.

«Франс Пресс» агенттігінің мәлімдеуінше, марқұмдардың саны қазір 185-ке жеткен. Тағы 500-ге жуық тұрғын жарақат алған. Лаңкестер ел астанасы Коломбо қаласындағы 1 католик шіркеуі мен 3 қонақүйді және Негомбо шаһарындағы 2 шіркеуді нысанаға алған. Жалпы ел аумағында 6 жарылыс тіркелді. Әзірге терактіні кімдер ұйымдастырғаны белгісіз. Ауруханаларға жараланғандар әлі де жеткізіліп жатыр. Теракт жасалған аудандар қоршалып, лаңкестер іздестірілуде. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәлімдеуінше, қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында қазақстандықтар жоқ.

 

Хабар 24 телеарнасы