377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында жүгері мен қарбыздан сусын шығару ісі жолға қойылды

  • 184
  • UPD: 15:38, 21.04.2019

Сыр өңірінде жүгеріден сусын шығару ісі жолға қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңақорған ауданының кәсіпкері ерекше өнімді дайындау үшін Қазақ тағамтану академиясынан рұқсат алған.

Жүректің соғысын жақсартып, жүйке жүйесін нығайтып, иммунитетті көтеретін қасиетке ие сусын. Әбжаппар Қасымов өзі өндіре бастаған сусынның пайдасы мен қасиетін осылай сипаттайды. Ол 20 жылдан бері жүгері шаруашылығын дамытып келеді. Енді оны өңдеуді де жолға қойып отыр.

Әбжаппар Қасымов, кәсіпкер:

– Күнделікті нормасы – 1,5 тонна. Қазір шамамен 1 тоннаға жуықтап қалды. 6 адам тұрақты жұмыс істейді.

Тың жобаға 3 миллион теңге қайтарымсыз грант берілген. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы да жеңілдетілген пайызбен несие алып, шағын цехты іске қосты.  

Динара Архабаева, технолог:

– Кәдімгі табиғи көженің суы ғой. Оған артық ештеңе қосылмайды. Табиғи айран мен жүгерінің қоспасы.

Жуырда Жаңақорғанда табиғи таза сусын өндіретін тағы бір цех іске қосылады. Онда қарбыздың шырыны өндірілмек. Ол үшін Жайылма ауылына қарбыздың «Фарао-1» сұрпы егілді. Дәмді әрі көлемді болып пісетін бұл дақылдың өнімділігі жоғары екен.

Ақтөре Тұрсынбаев, диқан:

– Көшет қылып еккенде, басқа қарбыздарға қарағанда бұл еретек піседі. Сосын бағасы да қымбаттау өтеді. Шырын шығару жағынан да бұл өнімі жақсы, дәмді.

«Фарао-1» сұрпының биылғы үлесі 10 гектар шамасында. «Оның әр гектарынан 70-80 тонна өнім алуға болады», – дейді диқан қауым. Қарбыздың басым көпшілігі шырын өндірісіне пайдаланылады.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы