389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда шағын ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімдері анықталды

  • 975
  • UPD: 19:53, 21.04.2019
Қарағандыда шағын ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімдері анықталды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті шағын авиация ұшағының апатқа ұшырауы кезінде мерт болғандардың есімдерін атады.

Азаматтық авиация комитеті хабарлауынша, ұшақ апаты кезінде инструктор Артемов пен жеке ұшақтың ұшқышы Әукешов мерт болған. Айта кетейік, бүгін сағат 16:25-тер кезінде Қарағандыда жеңіл авиацияның FK14 Polaris маркалы ұшағы жаттығу жасап жүріп, қонатын кезде апатқа ұшырады.

Хабар 24 телеарнасы