379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында 100-ден астам дүкен сатушысыз жұмыс істеп тұр

  • 282
Маңғыстау облысында 100-ден астам дүкен сатушысыз жұмыс істеп тұр

Маңғыстау облысында 100-ден астам дүкенде сатушы жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таяуда осындай үш сауда нүктесі Ақтау әуежайында, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы мен полиция басқармасында ашылды. Дүкен сөрелеріне әдетте түрлі сусындар, тәттілер мен нан өнімдері қойылған. Кез келген адам қалаған тауарын алып, ақшасын төлем жәшігіне қалдырады. Қажет болса, қайтарымын санап алады. Тұрғындарды адалдыққа шақырып, өз ісіне жауапкершілігін арттыруға бағытталған бұл бастама бес ауданда жүзеге асырылып отыр. Келешекте теңіз жағалауы мен қоғамдық орындарда ашылуы тиіс. 

Дархан Құсайын, қала тұрғыны:

– Өте ыңғайлы. Өз саудаңды өзің жасай бересің. Адамды адалдыққа тәрбиелейді. Сатушысыз дүкендерді адам көп шоғырланатын жерлерде көптеп ашу керек деп ойлаймын.

Жұпарбек Жәрменов, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы бөлім басшысының орынбасары:

– «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобасы шеңберінде ашылған жоба. Мұны өте жақсы деп өзім түсінемін. Қазіргі таңда халық түсініп, өз қызметкерлеріміз де керек затын алып кетіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы