388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 2022 жылдың соңына дейін 70 мың орындық жатақхана салу көзделуде

  • 787
  • UPD: 10:19, 22.04.2019

Елордада Үкімет отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн тәртібіне бірнеше маңызды мәселелер шығарылған.

Бүгінгі Үкімет отырысында екі мәселе қаралады деп жоспарланып отыр. Оның біріншісі инвестиция тартуға арналған. Естеріңізде болса, өткен аптадағы жиында да Асқар Мамин инвестицияның маңызына тоқталған еді. Атап айтқанда, инвестициялық саясатта шетелден қаржы көздерін тартуға басымдық берілуі тиіс екенін айтты Премьер-министр. Бұдан бөлек, өткен аптада бұл мәселе мемлекеттік және атқарушы органдардың өкілдері қатысқан кеңесте талқыланған болатын. Бүгінгі Үкімет отырысында қаралатын тағы бір сұрақ – студенттер жайы. Атап айтқанда, Елбасының студенттердің тұрғылықты жерлерін жақсарту бойынша берген тапсырмасының орындалу барысы. Айта кетейік, жастарды баспанамен қамтудың бірден бір жолы – оларды жатақханаларға орналастыру. Бұл мәселе еліміздегі Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде де көтерілген болатын. Пәтер жағалаған жастардың тұрмысын түзеу үшін 2022 жылдың соңына дейін 70 мың орындық жатақхана салу көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы