389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік депутаттар жұмысшыларды сайлауда белсенділік танытуға шақырды

  • 515
  • UPD: 12:18, 22.04.2019

Шымкентте мәслихат депутаттары жеңіл өнеркәсіп саласында еңбек ететін жұмысшылармен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуда алда болатын саяси науқанның ел болашағы үшін маңызы айтылды. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылған арнайы экономикалық аймақта бүгінде 13 кәсіпорын жұмыс істейді. Зауыт-фабрикаларда 1 мың 400-ге тарта адам еңбек етеді. Былтыр олар 42 миллиард теңгенің өнімін шығарған. Оның жартысынан көбі жақын және алыс шет елдерге экспортталған.

Төреайым Сұлтанова, қалалық мәслихат депутаты:

– Халық өте жақсы қарсы алды. Сайлауға бәрі баратынын айтты. Халық бүгінгі сайлау алдындағы жасалынып отырған жұмысқа риза. Әлеуметтік салаға қаншама көңіл бөлініп отыр. Сондықтан бұл шешім тарихи маңызы бар, дұрыс шешім десек артық айтпаймыз.

Хабар 24 телеарнасы