377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлихан Смайылов: LRT құрылыс жобасы жалғасады

  • 294
  • UPD: 15:07, 22.04.2019
Әлихан Смайылов: LRT құрылыс жобасы жалғасады

Елордада жеңіл рельсті көлік құрылысы (LRT) бойынша жоба жалғасын табады.

Бұл туралы Үкімет басшысының бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті.

Оның айтуынша, қазір жол үсті көлік жүйесінің құрылысын қайта қаржыландыруға қатысты Қытайдың Мемлекеттік даму банкімен келіссөздер жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптадағы Үкімет отырысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов жобаның уақытша тоқтағаны туралы хабарлаған еді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі:

– Мемлекеттік Қытай банкімен қазір тиісті келіссөздер жүргізілуде. Әрі қарай іске асыру үшін Қазақстанның ішінен тиісті қаржы табамыз.

Хабар 24 телеарнасы