389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда жылуға қарызы барларға несие берілмейді

  • 390
Оралда жылуға қарызы барларға несие берілмейді

Орал қаласында алдағы аптадан бастап жылуға берешегі бар тұрғындарға несие берілмейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде «Жайықжылуқуат» АҚ мен Мемлекеттіктік кредиттік бюро арасында тиісті келісімге қол қойылды. Оған сай коммуналдық кәсіпорын үш айдан астам уақыт бойы қарызын жаппаған азаматтар жайлы мәліметтерді кредиттік бюроға жөнелтеді. Ал бюро екінші деңгейлі банктерді ескертеді. Осылайша шаһарды жылумен қамтушы мекеме қарыздарын қайтарып алуды көздеп отыр.

Бүгінде жеке тұлғалардың жылу мен ыстық суға берешегі 744 млн теңгеге жеткен. 

Вячеслав Солодилов, «Жайықжылуқуат» АҚ коммерциялық директоры:

– Күніне екі топ, яғни 48 адам қарыздарды қайтару мақсатында үй аралап жүр. 2600 тұтынушыға қатысты сот парағы орындалуда. 560 тұлғаға шетелге шығуға шектеу қойылды. Бірақ мұның бәрі біз күткендей нәтиже бермей отыр. Біздің қазір газға қарызымыз – 900 миллион теңге. Егер халықтан қарызымызды қайтарып, газға есептеспесек, жылу электр орталығы көгілдір отыннан ажыратылып, өз кезегінде ыстық су тоқтайды. Осыны болдырмау үшін жоғарыда айтылған қадамға баруға мәжбүрміз.

Хабар 24 телеарнасы