378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысына қарасты 13 елді мекен көгілдір отын желісіне қосылмақ

  • 143
Ақтөбе облысына қарасты 13 елді мекен көгілдір отын желісіне қосылмақ

Биыл Ақтөбе облысындағы 13 елді мекен көгілдір отын желісіне қосылуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде бұл бағытта 19 жоба қолға алынды. Олардың жалпы құны – 6 миллиард 100 миллон теңге шамасында. Қаражат республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінеді. Облыста 347 елді мекен болса, қазіргі таңда оның 98-і газдандырылған. Ал тұрғындар санына шаққанда, көрсеткіш 88 жарым процентке жетті. Бұл көрсеткіш бойынша Ақтөбе облысы Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарынан кейін төртінші орында. Келер жылдың соңына дейін облыс тұрғындарының 90 проценттен астамы табиғи отынмен қамтамасыз етілуі тиіс.

Қаржаубай Ыбрайымұлы, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары

– Қазір аудан орталықтарының бәріне газ жүргізіліп болды. Елді мекендерді газдандыру жұмыстары толық аяқталуға жақын.

Хабар 24 телеарнасы