377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық жастар қарияларға қамқорлық шарасын бастады

  • 181
Қарағандылық жастар қарияларға қамқорлық шарасын бастады

Алдағы бір ай ішінде «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері әр үйге барып, соғыс және тыл ардагерлеріне барынша қолғабыс жасамақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір өңірде 80 соғыс және 10 мың тыл ардагері бар. Барлық аудан-қалада жасақталған арнайы бригада олардың шаруашылығына көмектесіп, керек-жарағын алып беретін болады. Бірінші болып жастар Қарағандыда тұратын еңбек ардагері Ольга Унгефуктің шаңырағына барып, қыстан қалған қарды тазалады.

Нұржан Жетпісбаев, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы:

– Ардагерлердің үйін қалпына келтіруден басқа «жасотандықтар» оларға емдеу мекемелеріне баруға көмектеседі. Мұқтаж жандарға тағы да басқа өзінің керек-жарағын алып береді. Сонымен қатар «Қаһармандар даңғылы» акциясының аясында облысымыздағы бар ескерткіштер мен монументтерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудеміз.

Хабар 24 телеарнасы