378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұнай компанияларының үздік мамандары өзара сайысқа түсті

  • 154
  • UPD: 23:29, 22.04.2019

«Қазтрансойл» акционерлік қоғамы 5400 шақырым магистральдық құбырдың мұнай тасымалына жауап беретін отандық компания. Өткен жылы осы алып кәсіпорын қызметкерлері 45 миллион тонна мұнай жөнелткен.

Бұл біріншіден, мекеме қызметкерлерінің өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Екіншіден, өзара тәжірибе алмасу байқауларының да нәтижесі деуге келеді. Осындай жұмыстарды жетілдіру мақсатында Атырауда «Үздік маман»  сайысы өтіп жатыр.

Мұнайлы өлкеде өтіп жатқан «Үздік маман» байқауына еліміздің 12 облысынан 10 мұнай құбырлары басқармасының мамандары қатысуда. Қызметкерлер мұнай тасымалы саласы бойынша негізгі 8 аталым бойынша бақ сынап жатыр.

Бағжан Нарпаева, Шымкент мұнай құбырлары басқармасының тауар операторы:

- Заман талабына сай жаңа озық технологиялармен қамтылып мұнай құбырлары басқармасы толығымен автоматтандырылған. Дәл осындай компанияда, ұлттық компанияда жұмыс жасау мен үшін үлкен мәртебе. Ал осы компанияның ең үздіктерімен сынға түсу менің жетістіктерімнің бастамасы деп білемін.  

Мұнай тасымалдаушы мамандар үшін биылғы байқаудың маңызы зор. Өйткені ішкі байқаудың жеңімпаздары халықаралық деңгейдегі байқауға жолдама алады. Бұл жарыс «Қазтрансойл» АҚ Атыраудағы өндірістік нысандарында ұйымдастырылмақ.   

Орал Ыдырысов, «Қазтрансойл» АҚ бас директорының орынбасары:

- Мұнай тасымалдау компанияларының ассоциациясы бар. Оған 8 компания кіреді. Ресей Федерациясынан, Қытай құбыр компаниясы, Қазақстаннан,  сонымен қатар Еуропадағы, Беларусь, Украина және Чехия, Словакия компаниялары кіреді соның ішіне. Биыл ерекшелігі халықаралық конкурстың біріншіден, ол Қазақстанда өтеді. Екіншіден, 8 компанияның бәрі қатысады.

Бүгін салтанатты шара аясында компания басшылары мұнай құбыршылардың болашақ буынға арналған жолдауын «Достық» капсуласына салып шетелдік серіктес кәсіпорындарға жолдады. Тамыз айында бұл капсула Атырауға оралып халықаралық «Үздік маман»  байқауының ашылу салтанатында «Достық» тұғырына қойылады.

Авторлары: Бекен Әлирахым,  Темірлан Сұлтанғазы, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы