378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде оңалту кафедрасы ашылады

  • 66
  • UPD: 23:05, 22.04.2019
Елімізде оңалту кафедрасы ашылады

Елімізде алғаш рет оңалту кафедрасы ашылатын болды. Ол С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті базасында құрылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Сала басшысы Кореяның денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту министрі Пак Нын Хумен кездесіп, медицина саласындағы бірқатар маңызды мәселені талқылады. Қос тарап медициналық білім мен ақпараттық технологияны дамытуға қатысты 4 құжатқа қол қойды. Соған сай Корея мен Қазақстанның ұлттық онкологиялық орталығы арасында байланыс орнайтын болды.

Елжан Біртанов, ҚР денсаулық сақтау министрі:

- Қазіргі күнде көп қалаларда ірі клиникалар ашу жоспарланған. Оларды салу үшін біз түрлі мемлекеттерден инвесторларды тартамыз. Ал мына Кореяның медицина саласы өте дамыған. Бірнеше мемлекеттерде олар осындай ГЧП бойынша жұмыс жасайды. Сондықтан біз оларды Қазақстанға шақырып жатырмыз. Инвестиция жасап, Корея медициналық технологияларын енгізуге.

Хабар 24 телеарнасы