378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қатерлі ісік ауруларын емдеудің тиімді жолдары анықталды

  • 81
Қатерлі ісік ауруларын емдеудің тиімді жолдары анықталды

Елордада өткен ғылыми конференцияда Оңтүстік Корея қатерлі ісік ауруларын емдеудің үздік тәжірибелерімен бөлісті.

Корея мамандары ісікті протондық терапия арқылы емдеуді ұсынып отыр. Олардың айтуынша, мұндай тәсіл науқастың өмірін ұзартуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, 2018 жылы елімізде 35 мың қатерлі ісік ауруы тіркелген. Бүгінде онкологиялық дертке ұшыраған 170 мың адам есепте тұр.

Ын Сук Ли, Оңтүстік Корея ұлттық онкологиялық орталықтың президенті:

- Протондық терапияны біз алғаш рет 2001 жылы жетілдіре бастадық. Ал 2007 жылы протондық терапия орталығы ашылды. Осы уақыт аралығында біз протондық сәулелермен емдеу жолдарын жетік меңгеріп, тәжірибе жинадық. Қазір Қазақстанның осы бағыттағы мекемелерімен тиімді өзаралық қарым-қатынасты нығайтамыз деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы