378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық ерекше балалар қоғамнан қолдау күтеді

  • 106
  • UPD: 10:06, 23.04.2019

Атырауда Nur Otan партиясының  облыстық филиалы білім беру орындарында қоғамдық партиялық мониторинг жүргізе бастады. Партиялық топ инклюзивті білім беру жүйесін енгізген мектептердің жұмысымен танысуда.

Бүгінде облыс бойынша  117 орта мектеп жанынан 824 баланы қамтитын арнайы кабинеттер жұмыс істейді. Мұнда ерекше балалар арнайы бағдарлама бойынша білім алады. Осы мақсатқа мұнайлы өңір 150 мұғалімді арнайы курста дайындап алған болатын. Психолог-мамандар сәби санасындағы ерешеліктерге орай, әрбір бүлдіршінді жеке бағдарлама бойынша оқытады. Сондай-ақ ата-анаралармен де жүйелі жұмыстар жолға қойылған.  Nur Otan партиясы инклюзивті кабинеттердің жұмысын бақылауда ұстайды.

Гүлсина Байкенова, Атырау облыстық мәслихатының депутаты:

-  Ерекше балалардың оқуына, олардың қоғамға сіңісуіне, өзіміз тартуымыз керек. Өйткені, ерекше балалардың ата-аналарымен сөйлескенде, олар бізге айтып жатады. Қандай кедергі бар, қандай мақсаттары бар. Бұл, әрине, бүгінгі күнде осындай ерекше сыныптардың ашылғаннан кейін үлкен даму динамикасы өтіп жатыр. Оған біз де риза боп  жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы