378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның ЖОО ректорларының съезі өтті

  • 154
  • UPD: 10:12, 23.04.2019

Павлодарда Қазақстанның ЖОО ректорларының съезі өтті. Жиынға республикалық білім ордаларының басшыларымен қоса олардың ресейлік әріптестері де қатысты.

Қатысушылар стартап-академияны аралап, студенттер арасында кәсіпкерлік мәдениеттің дамуын талқылады. Demo Day аясында ректорлар үздік стартап-жобаларды таңдады.

Бұл ретте Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері дайындаған әмбебап жел генераторы озық атанды. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының ректорлары Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті, ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Хабар 24 телеарнасы